Сөз басында үміткерлер жиынның басты мақсаты – саяси науқанның маңыздылығын түсіндіріп, қатысушылармен партия бағдарламасын талқылады.
- "Amanat" партиясы электр, жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселелерін ерекше назарға алатын болады. Ол үшін нақты іс-шаралар да әзірленді. Жоспар жүзеге асырылса жылумен, сумен, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы төмендейтін болады,- деп атап өтті Анар Шамшадинова.
Кездесуде мекеме қызметкерлері сайлауалды бағдарламаға қатысты өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Бүгінде аталған мекеме қала тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Ұжымда 600-ден астам қызметкер еңбек етеді.